«Medical Sabden Clinic» Медициналық Орталығының құрылтайшылары мен дәрігерлері "Қазақстанның үздік емханалары" кітабында жарияланды
«Medical Sabden Clinic» - заманауи медицина
Қай уақытта болсын, медицина ғылымы өз өзектілігін жоғалтпай, әрдайым үлкен сұраныс пен білікті мамандарды қажетсінеді. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті
талап етеді дейтін болсақ, дәрігер болып, науқас жандардың сырқатына шипа беріп, дертіне
дәру болу үшін үлкен ерік-жігер мен мол қызығушылық, асқан төзімділік пен ісіне деген үлкен
махаббат қажет екені даусыз. Адам жанына арашашы болып, дәрігер атану үшін бейімділік,
икемділік, қабілеттілік қасиеттері расында аздық етеді. Дәрігердің науқас адамның сенімін ала
білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі аса маңызды. Сырқат жандарға күшін ғана
емес, жүрегін де жұмсай білуі қажет.
Бүгінгі күні елімізде әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен
қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді
әрі сапалы болуын қалайтыны белгілі. «Халқымыз бірінші байлық денсаулық» деп бекер айтпаған ғой. Иә, ауырғаннан – ауырмаудың алдын алу керек. Мұны қазіргі кезде көбісі ұғынды.
Елімізде адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар
да жүйелі түрде дамып келеді. Осының қабатында жеке бизнестің де ұлт денсаулығына ден қойып, мемлекеттік жобаларға атсалысуы қуантады. Мұның нақты көрінісі, медицина орталықтарының жандануы. Бұл күнде жұмысы бірыңғай жүйеленген «Medical Sabden Clinic» медицина
«Medical Sabden Clinic» - заманауи медицина
«Medical Sabden Clinic»
орталығы халықтың қажеттілігін қанағаттандырып отырған бірден бір заманауи орталық деуге болады.
Дана халқымыз: «Жақсы дәрігер ауруды жазады» демекші, клиника басшылары
отбасымен дәрігерлік ауыр жолды мансап етіп, адам жанының бағбаны болып
жүрген ел жақсылары Сабденов Нұрболат
Оспанұлы мен Сәбденова Дариға Егембердіқызы жайында да айта кеткіміз келіп
отыр. Кейіпкеріміз Нұрболат Оспанұлы
1969 жылы қазіргі Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Дариға Егембердіқызы
1969 жылы қазіргі Түркістан облысына
қарасты Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында дүниеге келген. Кейіпкерлеріміз Семей
Мемлекеттік Медициналық институтының
педиатр факультетіне жоғары білім алып
шығады. Кәсіби мамандар қазақстандық
және шетелдік білім ордаларында біліктілігін арттырып, білімін шыңдады. Бүгінде
«Medical Sabden Clinic» ЖШС медициналық
орталығын ашып, шет елдік және Израиль
медициналық емдеу тәжірибелерін ала отырып, заманауи ем шараларын белсенді қолданып, халыққа медициналық көмек көрсетіп келеді.
«Medical Sabden Clinic» – бір мекемеде пациенттерге әртүрлі мамандықтар бойынша медициналық білімнің толық спектрін беретін көпсалалы орталық болып табылады. Бұл медициналық орталық 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда әртүрлі мамандықтағы мамандардың тексеруінен өтуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін
емхана кешенінің өзіндік орны қалыптасып, емделушілеріне сапалы ем шарасын беріп отыр.
Клиникадағы дәрігерлер тобы дұрыс диагнозды қою және емдеу, емделушінің қайда орналасқанына қарамастан, барлық пациенттер үшін мұқият емдеудің жол картасын әзірлеп жұмыс
істейді. Орталықтың артықшылығы - оң нәтижеге жету үшін жоғары технологиялық жабдықты
пайдаланады.
Аурудың жақсысы жоқ. Дегенмен адамның адамға көрсете алмайтын, адамды тығырыққа
тіреп қоятын бірден бір аруры ол геморрой. Бұл – ең көп таралған аурудың бірі. Ол тік ішектің
айналасында түйін түзетін геморроидальды тамырлардың қабынуынан, патологиялық кеңеюінен немесе тарылуынан пайда болады. Ауру көбіне созылмалы іш қатуы бар және тапжылмай
бір орында отырып жұмыс істейтін адамдарда жиі байқалады. Бұл ауру ерлер мен әйелдердің
44%-де кездеседі екен. Науқастардың көбі мұндай диагнозбен дәрігерге көрінуге қысылатыны
рас. Айлап-жылдап өз бетінше емделіп, маманға көрінбей жүре беру аурудың асқынуына әкеледі. Жиі іш қатып, семіздікке шалдығып, құрсақ қуысы мен тік ішектегі қан тамырларына қысым түсуі, күйзеліс, инфекция, темекі мен алкоголь, жүктілік пен босанғаннан кейінгі кезең,
қалқанша безі аурулары геморройдың негізгі себептері болып табылады.
Дәрігердің айтуынша, геморрой сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы геморрой
сыртқы түйнектердің ішек аузын қысып тұрған тұсындағы көк тамырдың зақымдануынан пайда болады. Ол бірден байқалады. Ал ішкі геморройда тік ішекті қысып тұрған бұлшық еттің
ішіндегі көктамыр қабынып, қызғылт түсті түйінге айналады. Кейде ішкі және сыртқы геморрой қатар пайда болуы да мүмкін.
Үлкен дәрет кезінде қан кетсе, ауырсыну, жайсыздық сезілсе, түйін пайда болса, шырыш
бөлініп жатса, бірден проктолог маманға бару керек. Ауру асқынса тік ішектен қан кетеді. Бұл
«Medical Sabden Clinic» клиника басшылары
Сабденов Нұрболат Оспанұлы
Сәбденова Дариға Егембердіқызы
155 154
Қазақстанның үздік емханалары Лучшие клиники Казахстана
orda.kz orda.kz
аурудың ең қауіпті белгісі. Науқас емделмесе, жиі қан кету кесірінен ағзада темір элементі азаяды. Нәтижесінде қаназдық ауруына әкеп соғады. Басқа да созылмалы аурулар өршиді. Бұл кезде
адам тез шаршайды, әлсірейді. Оны емдеудің бір жолы – ащы тамақтан, алькоголь өнімдерінен
бас тарту. Аурудың бастапқы екі сатысында жергілікті тәсілмен емдеуге болады. Ауру асқынып,
3 немесе 4-сатысына өтіп кеткен жағдайда операция жасап, оны алып тастайды. Бастысы ауруды болдырмау үшін әуелі дұрыс тамақтануды қолға алған жөн, -дейді клиниканы мамандары.
Клиникада проктологқа қайталап жазылу, проктологтың алғашқы қабылдауы, колопроктологтың кеңесі, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдерге УДЗ, 2-ші триместрдегі жүкті әйелдерге УДЗ,
1-ші триместрдегі жүкті әйелдерге УДЗ, гинекологқа қайталап жазылу, гинекологтың алғашқы
қабылдауы, анальды жарықтарды кесу, геморройды емдеу сынды ем шараларын жасау жүйелі
түрде жүргізіледі. Бастысы ауруын жасырмай келген әрбір емделушінің ауру тарихын ашық айтуында.
Адам өмірде дертіне дауа табу үшін көмек қолын созушы дәрігер зор тәжірибелі, өз ісінің
қыр-сырын қанық білуі шарт екендігі ақиқат. Өмірлік ұстанымы жоғары, еңбегі адал, ар-ожданы биік, көптің көңілін тауып, білім мен білікті ұштастыра отырып, қазіргі таңда білікті мамандар атанып, мамандығының майталманы атанған Нұрболат Оспанұлы мен Дариға
Егембердіқызының алар асуы мен бағындырар белесі әлі де алда демекпіз.
Аурудың үлкен-кішіні елемей, кез келген уақытта келетіні рас. Сондай сәтте ойымызға алғаш
оралатыны, жәрдем сұрап, шипа күтетініміз де – осы дәрігер қауымы. Дүние есігін жаңа ашқан
сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ. Сол себепті де ақ халатты абзал жандарға барша адамзаттың айтар алғысы
шексіз. Еңбектеріңіз еленіп, елді жағымды жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер.