"Медицина саласының майталмандары..." Medical Sabden Clinic ЖШС құрылтайшылары Сабденов Нұрболат Оспанұлы мен Сабденова Дариға Егембердіқызы "Қазақстанның үздік топ 100 тұлғаларының" жаңа басылымында жарияланды
Медицина саласының майталмандар
Ұрпақтың денсаулығы – ұлттың саулығы» деп бекер айтылмаса керек. Дана
халқымыз: «Жақсы дәрігер ауруды жазады»-демекші, бүгінгі әңгімемізге арқау
болғалы отырған жандар отбасымен дәрігерлік жолды мансап етіп, адам жанының бағбаны болып жүрген ел жақсылары Сабденов Нұрболат Оспанұлы мен Сәбденова Дариға Егембердіқызы
жайында болмақ.
Дәрігер мамандығы қоғамда өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы,
кейде өмірі дәрігерге тікелей байланысты. Денсаулық сақтау саласында үзбей қызмет атқарамын деген жан үшін ең қажетті дүние ептілік, шыдамдылық әрі сабырлылық екендігі даусыз дүние. Дәрігерлердің бір бөлігі теориялық тұрғыда мықты қаруланған болса, енді бірі іс-тәжірибе
түрінде үздіктердің қатарынан табылып жүреді.
Кейіпкеріміз Нұрболат Оспанұлы 1969 жылы қазіргі Түркістан облысына қарасты Жетісай
ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Баланың үлкен өмірде тұлға болып қалыптасуына ата-анасымен бірге өскен бауырлары сеп болатындығы жасырын жайт емес-ті. Осы ретте,
Нұрболат мырза да көпбалалы жанұяда тәрбиеленгендігін негізге ала отырып, өн бойына дарыған жауапкершілік пен тиянақтылық, өзгеге деген мейірім мен шапағатқа қанық болып өсті
десек әбден болады. Кейіпкеріміздің әкесі Сабденұлы Оспан көп жылдар бойы халыққа қызмет
еткен Еңбек ардагері атанып, балаларының өн бойына іске деген тиянақтылықты дарыта білсе,
ақ жаулықты анасы Сабденова Асия білім саласында аянбай еңбек етіп, он екі перзентті жарық
дүниеге әкелген Батыр ана.
Кейіпкеріміз 1976 жылы мектеп табалдырығын аттап 1-сыныпқа аяқ басып, 1986 жылы
Амангелді Иманов атындағы орта мектебін тәмамдаған шәкірттердің қатарынан есімі орын
алады. Орта мектепті бітірген соң сол тұстағы ауыл шаруашылығында жұмыс істеп еңбекке
араласа бастайды. Болашақ мамандығына бағам жасаған жан 1987 жылы Семей Мемлекеттік
Медициналық институтының педиатр факультетіне оқуға қабылданады.
Әрбір ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу міндеті тұрғандығы баршамызға белгілі жайт. Оқуға жаңа қабылданған Нұрболат мырза да аталмыш жылдары әскерге шақырту
алып, 1988-1989 жылдары аралығында Кеңес Армиясында, Қара-теңіз және Балтық-теңіз Қарулы теңіз флотында матрос ретінде Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Әскер қатарынан
оралған Нұрболат мырза 1995 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, «дәрігер-балалар хирургі»
мамандығын еншілеп шығады. Дәрігер мамандығы әрдайым білім мен білікті жетілдіруді талап
ететіндігі сөзсіз дүние. Осы ретте, Нұрболат мырза да Семей қаласында орналасқан Облыстық
клиникалық балалар ауруханасында интернатурадан өтіп, аталған мекемеде хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург қызметін атқарады.
Қызметтік жолында кейіпкеріміз Орталық мамандандырылған хирургия және травматология
мекемесінде дәрігер хирург болып та абыройлы жұмыс істейді. Жан-жақты жас маман, білімін
Сабденова Дариға
Сабденов Нұрболат
«Medical Sabden Clinic» ЖШС құрылтайшысы,
Жоғары санатты дәрігер
Медицина саласының майталмандары
К АЗАҚСТАННЫҢ ТОП 100 үздік тұлғалары ТОП 100 успешных людей К АЗАХСТАНА
170 171
одан әрі жетілдіру мақсатында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі медицина факультетіне «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатураға оқуға түсіп, екінші жартысын Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия
орталығында оқуын жалғастырып, 1997 жылы шілде айында аталмыш білім ордасын тәмамдап
шығады. Клиникалық ординатурада оқып жүргенде «Тоқ және тік ішек қатерлі ісіктердегі гемокоагуляциялық өзгерістері» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, 1999
жылы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында ғылыми диссертацияны қорғап, онкология саласында медицина ғылымдарынын кандидаты ғылыми дәрежесіне қол
жеткізеді. Нұрболат мырза тәжірибелі маман ретінде Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында онкология кафедрасында ассистент, доцент болып және Оңтүстік Қазақстан онкология диспансерінде дәрігер онколог-хирург қызметін атқарады. Жұмыс барысында тоқ және
тік ішек қатерлі ісіктері бар науқастарға үлкен көлемді белсенді оталар жасап, 2000 жылы Қазақстанда алғаш рет шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, онкологиялық аурулар бойынша
жағдайы ең ауыр науқастарға медициналық көмек көрсету (ХОСПИС) орталығын ашып, «Отан»
атты медициналық реабилитациялық орталық қоғамдық қорының президенті қызметін атқарады. Сонымен бірге, «Ұлттық ғылыми медицина орталығында» АҚ «Хирургия» мамандығы
бойынша докторантураға оқуға түсіп, ғылыми
жұмысын «Бауырдың диффузды-созылмалы
ауруларындағы науқастарға жасанды тіндік
гепатоциттерді трансплантациялау» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, 2008-2013 жылдары аралығында
Астана қаласы бойынша мемлекеттік және
жекеменшік медициналық орталықтарда:
Израиль медицина орталығы «On Clinic»,
МО «Меdical Assistance Group», МО «Мейiрiм»,
МО «Дом здоровья» онкология-проктология
және балалар хирургиясы саласы бойынша
кеңес беріп, медициналық емдеу шараларын
жүргізеді.
Елімізде тәжірибелі мамандар бас қосып,
бір-біріне әріптестік көмек көрсетуден бөлек
шетелдік әріптестермен де тығыз байланыс
орнатып, келелі мәселердің шешімін шығару
жолында бірлесе отырып шешім қабылдайды
десек, артық айтпағандығымыз. Кейіпкеріміз
Нұрболат Оспанұлы да бүгінгі таңда Ресей Федерациясы колопроктологтар ассоциациясының мүшесі болып саналып және осы ассоциация өкілдерімен жиі тәжірибе алмасып тұрады.
Мамандық бойынша біліктілігін арттыру мақсатында кейіпкеріміз АГИУВ (Алматы), УГМАДО (Челябинск, РФ), ЮКГМА, д.п.н. В.С. Аванесов (Москва), КазГМА ФУВДО (Астана), ФГУ«-
ГНЦ колопроктологии МЗ РФ» (Москва, РФ) өткізеді. Жинақтаған білімі мен біліктілігінің
негізінде Нұрболат Оспанұлы бүгінде Астана қаласынан жекеменшік «Medical Sabden Clinic»
ЖШС медициналық орталығын ашып, шет елдік және Израиль медициналық емдеу тәжірибелерін ала отырып, заманауи ем-шараларын белсенді қолданып халыққа медициналық көмек
көрсетіп келеді.
Қазақстан Республикасының үздік медициналық орталығы ретінде танылып келе жатқан
«Medical Sabden Clinic» ЖШС медициналық орталығы 2014 жылдың қаңтар айынан бастап
Астана қаласында, «Жақсылық XXI», кейінен медициналық орталық «Belon Medical» құрамында
халыққа медициналық көмек беру жұмысын жалғастырды. 2016 жылы Қазан айынын 10-жұлдызында «Medical Sabden Clinic» медициналық орталығы ресми түрде ашылып, өз лицензиясын
алып медицналық қызметін жалғастырды. «Medical Sabden Clinic» атауы Ұлы Отан Соғысының
ардагері Нұрболат мырзаның атасы Тастанов Сабден ақсақалдың құрметіне арналып қойылған.
«Medical Sabden Clinic» орталығын бағыт-мақсаты – халыққа заманауи және сапалы түрде
шетел әдістерін қолдана отырып, гинекология, хирургия, проктология, сәулелік диагностика,
терапия, кардиология, отоларингология, реабилитология саласында халыққа медициналық
көмек көрсету болып саналады.
«Medical Sabden Clinic» медициналық орталығы осы жылдары аралығында дәрігерлердің
білімінің сапасын жоғарлатудың арқасында жаңа әдістемелерді қолдана отырып, қарқынды
түрде дамып келеді. Кейінгі жылдары хирургия, проктология, гинекология, кардиология кабинеттеріне қосымша жаңа медициналық жабдықтар алып, соның ішінде лор кабинетке заманауи толық жабдықталған «Лор-комбайн» алынып, медициналық көмек көрсетілуде.
«Medical Sabden Clinic» орталығы гинекология, ересек және балалар хирургия-проктология,
сәулелік диагностика, терапия, кардиология, отоларингология, реабилитология саласында халыққа амбулаториялық түрде медициналық көмек көрсетеді және де болашақта басқа да сұранысқа ие мамандарды қосуды жоспарлап отырған жайы бар.
Нұрболат Оспанұлы мамандығымен мерейін үстем етіп, адал еңбегімен абыройға кенеліп
келе жатқан жан. Халық алғысы кейіпкеріміз үшін ең үлкен жоғары мадақпен пара-пар дүние
К АЗАҚСТАННЫҢ ТОП 100 үздік тұлғалары ТОП 100 успешных людей КАЗАХСТАНА десек, артық айтпағандығымыз. Білікті маман ретінде тәжірбиелі дәрігеріміз медицинаның ең
үздік жетістіктері мен «Алғыс хаттарына» қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Сәулелік диагностика мамандығы бойынша Ультрадыбыстық диагностика дәрігері сертификатын, «Жалпы хирургия» (торакальдық хирургия, абдоминальдық хирургия, трансплантология, колопроктология,
негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) мамандығы бойынша Жоғарғы біліктілік санаттағы дәрігер дәрежесін, «Психиатрия» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп және осы
мамандық бойынша ересек және балалар психиатр дәрігері сертификатына ие болды.
Қызмет барысында үздік болып танылып отырған ел ағасы отбасында да осал жан емес-ті.
Кейіпкерімізге өмір жолында да, қызмет жолында да үздік деп танып, қолдауын білдіріп, балаларының анасы атанып келе жатқан жан, Нұрболат мырзаның өмірлік жары – Сәбденова Дариға Егембердіқызы.
Дариға Егембердіқызы өз ортасында тәжірбиелі әрі білікті маман, отбасында асыл жар, ардақты ана ретінде өнегелі өмір өрісін көрсетіп келе жатқан ел анасы. Дариға Егембердіқызы
1969 жылы қазіргі Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында дүниеге
келген. Ол осы құтты қоныста 1976 жылы орта мектепте білім алып шығады. Орта мектепті
бітірген соң аудандық ауруханада тіркеу бөлімінде жұмыс істей бастайды. Көпбалалы жанұяда тәрбиеленген Дариға ханымның әкесі Сатайұлы Егемберді өз заманында көп жылдар бойы
халыққа адал қызмет етіп, «Еңбек ардагері» атанған жан болса, ақ жаулықты анасы Сатаева
Жидегүл 8 перзентті дүниеге әкелген Батыр ана. Текті отбасыдан шыққан жан болашақ мамандығына таңдау жасап, Дариға Егембердіқызы Семей Мемлекеттік Медициналық институтының
педиатр факультетіне оқуға қабылданып, 1996 жылы аталған оқу орнын тәмамдап шығады. Дипломға қол жеткізгеннен кейін интернатураны Шымкент облыстық перзентханада акушер-гинеколог дәрігері мамандығын алып шығады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір мамандық атаулысының үздігі болуды мақсат тұтқан жан бұл жолда аянып қалған емес-ті. Алғашқы
қызмет жолын кейіпкеріміз Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық перзентханада акушер-гинеколог дәрігері қызметін атқарудан бастайды. Біршама тәжірибе жинақтаған білікті де
жас дәрігер Астана қалалық мемлекеттік медицина колледжінде «Акушерия және гинекология»
пәнінен мұғалімдік қызметін және Астана қалалық №5 қалалық емханада акушер-гинеколог,
УДЗ дәрігері, әрі Астана қаласынан жекеменшік «Medical Sabden Clinic» ЖШС медициналық орталығын ашып, осы мекеменің директоры және дәрігерлік қызметін атқаруымен ел арасында
есімі танылып келеді. Қазіргі таңда тәжірибесі мен білімі әбден толысқан білікті маман заманауи ем-шараларын белсенді қолданып, халыққа медициналық көмек көрсетуден жаңылмай келеді. Дәрігер әрдайым білім мен білікті жетілдіруге міндетті екендігін басты назарда ұстайтын
кейіпкеріміз қазіргі таңда біліктілігін одан әрі жетілдіру мақсатында «ГОУ ВПО Новосибирск
мемлекеттік медицина университеті», Дипломнан кейінгі біліктілікті жоғарлату Белоруссия
медицина академиясы, Екатеринбург біліктілікті жоғарлату медицина университетінде білім
алуда.
Тәжірбиелі маман бола тұра кейіпкеріміз 2012 жылы Сәулелік диагностика мамандығы бойынша Ультрадыбыстық диагностика дәрігері сертификатын, «Дәстүрлі терапия» және «медициналық реабилитология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, дәрігерлік сертификатына қол жеткізсе, бұдан бөлек «Гирудотерапия» курсын бітіріп шыққандығы тағы бар. Ширек
ғасырға жуық уақыт ауданның медицина саласын басқарған іскер азаматшаның еңбегі бағаланып, 2020 жылы «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша жоғары санаттағы дәрігерлік дәрежесіне қол жеткізді.
Дариға ханым бұдан бөлек «Психиатрия» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті және
2021 жылы осы мамандық бойынша ересек және балалар психиатр дәрігері сертификатына ие
болды. Халықаралық стандарт бойынша ультрадыбыстық анкология курсын тәмамдаған жан.
Өз істерінің үздіктері ретінде танылып жүрген ел жақсылары отбасында екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған жандар. Перзенттерінің тұңғыштары Сабден Нұрғазы Нұрболатұлы Қытай
Халық Республикасының Бейжің тіл және мәдениет университетін және Ресей Федерациясының «Мәскеу болат балқыту университетінің» нанотехнология факультетінің магистратурасын
бітіріп, қазіргі таңда «Medical Sabden Clinic» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқаруда. Отбасының қызғалдағы Оспан Мөлдір Нұрболатқызы Қытай Халық Республикасының
Бейжің тіл және мәдениет университетін және Ресей Федерациясының «Мәскеу болат балқыту университетінің» физика факультетінің магистратурасын бітіріп, бүгінде Қытай компаниясы ООО «ИЭКНО ЯХУА» бас менеджері болып қызмет атқаруда. Кіші қыздары Оспан Жансая
Нұрболатқызы – Қазақ ұлттық өнер университетінің академия вокал факультетінің 3-курс студенті. Отбасының кенже ұлдары Оспан Нұрсұлтан Нұрболатұлы – мектеп шәкірті. Балаларымен
пара-пар келіндері Каюм Қарлығаш Досжанқызы «Астана медициналық университетінің» фармацевтика факультетін тәмамдаған жан. Бүгінде Нұрболат мырза мен Дариға ханымды ата-әже
атандырып отырған Нұрболат Айару Нұрқазықызы отбасының көз қуанышы десек, артық айтпағандығымыз.
Адам өмірде дертіне дауа табу үшін көмек қолын созушы дәрігер зор тәжірибелі, өз ісінің
қыр-сырын қанық білуі шарт екендігі ақиқат. Өмірлік ұстанымы жоғары, еңбегі адал, ар-ожданы биік, көптің көңілін тауып, білім мен білікті ұштастыра отырып, қазіргі таңда білікті мамандар атанып, мамандығының майталманы атанған жанұя мүшелерінің алар асуы мен бағындырар белесі әлі де алда демекпіз.
Осы ретте, Нұрболат Оспанұлы мен Дариға Егембердіқызы сіздер қызмет жасап жүрген
ұжымның ісіне сәттілік тілеп, отбасыларыңыздың бақыты пен берекесі арта берсін демекпіз!